Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті 3 айға жабылады

30 қаңтар, 2025 / Інжу Әлихан
gov.kz
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Қайта жаңарту жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап «Тәжен» өткізу пункті үш айға жабылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында орналасқан кеден бекеттерінде Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 9 автомобиль өткізу пунктін толыққанды жаңғырту жалғасып жатыр. Өзбек тарапымен келісім бойынша (ноталар алмасу арқылы) жеке тұлғалардың «Тәжен» өткізу пунктін кесіп өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 3 айға бекетті қайта жаңарту кезеңінде жеке тұлғалардың өтуі, сондай-ақ жеңіл автокөліктің, автобустардың және 3,5 тоннаға дейін жүк көлігінің өтуі «Тәжен» (ҚР) – «Даут Ата» (ӨР) өткізу пункттері арқылы уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, осыған байланысты жеке тұлғалардың, жеңіл автокөліктердің, автобустар мен 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің ағынын Қазақстан-Өзбекстан шекарасында орналасқан келесі өткізу пункттері арқылы қайта бөлінеді:

«Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін өткізу пункттерінің инфрақұрылымы жақсарады, жеке тұлғалардың шекарадан ыңғайлы өтуі және тауарлар мен көлік құралдарының шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін сапалы жүргізу үшін барлық жағдай жасалатын болады», - деп қосты комитет өкілдері.

Тэгтер:

шекара