Жаңалықтар

Қазақстанға Флойд Мэйуезер келеді

ашық дереккөзі

Қазақстанға Флойд Мэйуезер келеді

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин осы жылдың тамыз айында Астанада өтетін Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) 55-ші конвенциясы жайлы ой бөлісті. «Бұл конвенцияны өткізу міндеті Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы мен WBC басшыларына жүктелді. Шара шамамен 25 маусым мен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Конвенция халықаралық EXPO көрмесінің аясында өтеді. Оған меценаттар, сарапшылар, бокс жұлдыздары қатысады. Құрметті қонақтардың қатарында америкалық боксшы кіші Флойд Мэйуезер мен Лейла Али бар», – деді Ерлан Бекхожин. «Әлі есімде Кличконың «Егер Украина президенті болсам, бірінші болып Киевте WBC жинын өткіземін», деген еді. 55-ші конвенция үшін АҚШ және Хорватия елдері ниет танытқан, бірақ оны өткізу біздің елге бұйырды. Ұйым басшылығы бұл жиынды тамызда өткізуге мүмкіндік берді», – дейді Бекхожин.  Осыған дейін 55-ші конвенцияға әйгілі боксшы Майк Тайсонның келетіні хабарланған болатын. Айта кетейік, Астананың бұл шараны өткізу құқығына ие болғаны өткен жылдың желтоқсан айында белгілі болды.