Жаңалықтар

Бүгінгі валюта бағамы қандай

Freepek

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 – 523 теңгеден саудаланып жатыр. 

Ұлттық банктің 30 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 516,85 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,26 теңге. Еуро — 537,68. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521,1 теңге. Еуро 538 — 542 теңге аралығында құбылып тұр. 

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 523 теңге. Еуро 538 теңгеден сатылып, 544 теңгеден сатып алынады. 

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,19 - 5,29 аралығында саудаланып жатыр. 

Айта кетейік, 29 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,73 теңгеге қымбаттап, 516,92 теңге болған.