Судандағы ұшақ апатынан 18 адам қаза тапты
Апаттың себептері туралы ақпарат әлі жоқ.
Оңтүстік Суданда бортында экипажды қоса алғанда 21 адам болған кішкентай жолаушы ұшағы Юнити мұнай кен орны маңында ұшып шыққаннан кейін бірнеше уақыттан соң апатқа ұшырады, деп хабарлады turkystan.kz.
Oxu.Az хабарлауынша, бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясына тиесілі Мирия радиожариялады.
Соңғы мәліметтер бойынша, құрбаны болғандар саны 18 адамға жеткен, оның ішінде екі ұшқыш та бар. Үш жолаушының жағдайы ауыр.
Апаттың себептері туралы ақпарат әлі жоқ. Тек ұшақтың ұшып шыққаннан кейін апатқа ұшырағаны белгілі.