Жаңалықтар

Алматыда күдікті тергеу абақтысынан қашып кеткен

istockphoto.com

Алайда қабылданған шаралардың арқасында жедел ұсталды

Желіде Алматыдағы тергеу абақтысында қамауда отырған адам қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді.

Күдіктінің қашып кеткені туралы Telegram-дағы Egov.press арнасы жазды.

«Алматының тергеу изоляторынан ұрлық жасады деген күдікпен тергеу аясында тұтқынға алынған күдікті қашуға әрекет жасады. Қабылданған шаралардың арқасында жедел ұсталды», - деп мәлім етті ҚАЖК өкілі.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ қызметтік тексеріс басталды.