Қоғам

«Ерте кеттіңіз-ау»: Ернар Айдар әкесіне жантебірентерлік жазба арнады

сурет ашық дереккөзден алынды

Ернар Айдар марқұм әкесін есіне алды.

Танымал әнші Ернар Айдар жақында қайтыс болған әкесіне арнап жазба қалдырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші әкесін ыстық естеліктерімен есіне алды.

Жаным Әке...Барлық жұмыстарымды Әкеммен ақылдасатынмын, себебі Әкем жан-жақты турасын айтатын. Әкеммен ақылдасу, маған үлкен шабыт, сенімділік сыйлайтын. Барлық ән кештерімнің алдында, үйде Әкеме кішігірім концерт қойып беретінмін. Әкем сонда әндерімнің, киімдерімнің, сөйлер сөздерімнің, артық-кемін айтып, ақ батасын беретін еді. «Ерошым балам, көзіңе қара, асып-тасыма, тәкәппарланба, сахнада жақсылап, жарқырап өнер көрсет», - Әке маған осы сөздерді енді кім айтады? Кіммен сырласам, кіммен ақылдасам, кімге еркелейм, кімге бала болып мақтанам кімге? Қапыда ерте кеттіңіз-ау. Әкешім, сағындым сізді. Алланың бұйрығын қабылдайды екенсің, көнеді екенсің, бірақ өте қиын екен.....», - деді әнші әлеуметтік желідегі жазбасында.

Ернар Айдар марқұм әкесіне арнауды өлең жолдарымен жалғады.

«Сонымен құладың ба, тас қамалым?

Қалмады күйініштен басқа амалым.

Зиратың аяқ асты болмасын деп,

Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.

Шынымен құладың ба, шым қорғаным,

Шынымен өртендің бе, нулы орманым?

Әке, сенің өміріңді жалғамасам, Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!

Жаратқан Алла (Жаңабай Айдарұлы) Әкешімді рахымыңа алып, Жұмақтың төрін нәсіп етші. Анашым, біздің бақытымызға сіз аман болыңыз. Алла сізге ұзақ ғұмыр нәсіп етсін», - деді Ернар Айдар.