Ұлыбританияда тағы 200 компания 4 күндік жұмыс тәртібіне көшті
Ұлыбританияда тағы 200 компания 4 күндік жұмыс тәртібіне көшті.
Ұлыбританиядағы 200 компания толықтай 4 күндік жұмыс тәртібіне ауысып, нәтижесіне риза болды.
Қорытынды: өнімділік өскен, қызметкерлер бақытты бола түскен және жас мамандарды жұмысқа тарту жеңілдеген.
5/2 жұмыс кестесі 100 жыл бұрын ойлап табылды, енді стандарттарды жаңартатын уақыт келді. 4 күндік жұмыс аптасы адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді және барлығы үшін тиімді, — деп мәлімдеді 4 Day Week Foundation ұйымының директоры Джо Райл.