Жаңа әдет қалыптастыру үшін 21 күн жеткіліксіз болып шықты.
Зерттеулер көрсеткендей, бұл процесс шын мәнінде 66 күнді алады, ал оны толық бекітуге 335 күн қажет болуы мүмкін.
Мұндай деректер 2 600 адамның қатысуымен жүргізілген зерттеу барысында анықталды.
Зерттеуге қарасақ, таңертең істелетін шаруаларды әдетке айналдыру оңайырақ: егер іс-әрекет ұнаса, оған үйрену жеңіл болады. Ал жаңа әрекеттерді саналы түрде жоспарлау маңызды: бұл оларды сақтау мүмкіндігін арттырады.