Пәкістанда Tesla Cybertruck-тың көшірмесі жасалды

27 қаңтар, 2025 / Өтей Торғайұлы
Көліктің біршама кемшілігі бар.

Пәкістанда жергілікті инженер Tesla cybertruck көлігінің көшірмесін жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Көшірмені жасауға 3 миллион Пәкістан рупиясы жұмсалған. АҚШ-та түпнұсқа Tesla Cybertruck бағасы 70 мың доллардан басталады.

Tesla Cybertruck-тің пәкістандық нұсқасы түпнұсқамен салыстырғанда кішкентай: ол қысқа, әлдеқайда төмен және тар. Көлікте қандай қозғалтқыш орнатылғаны туралы хабарланған жоқ.

Тэгтер:

көлік Пәкістан