«13 көлік тәркіленді»: Шымкентте жасырын ішімдік цехы анықталды
Күдіктілер 234 млн тенге болатын 13 қымбат көлік сатып алған, оларды жақын туыстарына рәсімдеген.
Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкентте суррогаттық алкоголь өнімін өндіретін жасырын цехтың 309 млн теңгеден астам қылмыстық кірісін жасыру және заңдастыру схемасын анықтады.
Күдіктілер 234 млн тенге болатын 13 қымбат көлік («Toyota Land Cruiser 300», «ZEEKR 001», «KIA K8», «Hyundai Grandeur», «VOLVO» және т.б.) сатып алған, оларды жақын туыстарына рәсімдеген.
2022 жылдан бастап ерлі-зайыпты Қарсеновтар заңсыз алкоголь өнімдеріне қолдан жасалған акциздік марка пайдаланған. Өнім Шымкент қаласы ғана емес, Түркістан және Жамбыл облыстарында сатылған.
Сот оларға 5 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа сатып алынған 13 көлік пен 75 млн теңге тәркіленді.