Қазақстанда 3 мың 414 адам донор кезегін күтуде

Қазақстанда 3 мың 414 адам донор кезегін күтуде

Қазақстанда 3 мың 414 адам донор кезегін күтуде
ашық дереккөзі
Жуырда бүйрек донорының аяқасты көз жұмуы елде шу көтерген еді. Жаға ұстатарлық жайттың неден болғаны әзірге тергелуде. Осы орайда  Vlast.kz еліміздегі донор болу тәртібі жөнінде бірнеше мәлімет ұсынған екен. Қазақстанда донор болу процесі қалай жүзеге асырылады?
  1. Қазақстанда жүрек, бүйрек, өкпе, ұйқы безі мен бүйрек трансплантациясына жол берілген. Бүйрек пен бауырдың жартысын тірі донорлар да бере алады.
  2. 2017 жылғы жағдай бойынша донор кезегіне 3 мың 414 адам тіркелген. Жүрек ауыстыруға - 128 адам, бауырға - 504 адам, бүйрекке - 2 мың 773 адам, өкпеге - 7 адам кезекте тұр. 2016 жылы 306 ағаз ауыстыру бойынша 306 операция жасалған. Ал 2012-2016 жылдар аралығында барлығы 1 мың 56 операция жасалған екен. Қазақстанда дүниежүзіндегі сияқты бүйрек ауыстырып қондыру операциясы жиі жасалады. 2016 жылы жасалған трансплантациялық операцияның 72,2 пайызы бүйрек ауыстыру болған.
  3. Тірі адам Жүрек, өкпе және ұйқы безінің доноры бола алмайды. Денсаулығы жақсы кез келген қазақстандық қалауы бойынша басқа ағзалар бойынша донор бола алады. Мысалы, обыр ауруымен ауырған адамның өлімінен кейін ағзасын алуға болмайды. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар басқа сәйкес донор табылмаса донор бола алады.
  4. Қазақстанда Республикалық координациялық Трансплантология орталығы бар. Осы мекеме арқылы тізімдегі реципиенттерге хабар беріледі. Трансплантацияны жүзеге асыру үшін донордан алынатын бүйрек - 24 сағатқа жарамды, ал жүрек - 6 сағатқа жарайды.
  5. Өлгеннен кейін донор болу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша өз емханаңызға өтініш жазу керек.
  6. Халық арасында ағза беруге дін қарсы деген тұжырым бар. Бірақ соңғы жылдары діни қауымдастықтар бұл мәселені біраз жеңілдеткен, адам үшін пайдалы дүние ретінде қарастырып келеді.