Елдос Сметов Лондондағы алғашқы жаттығуы туралы айтты

26 қаңтар, 2025 / Алуа Арман
instagram.com/yeldos60kg
Елдос Сметов 2025 жылдың басында Қазақстаннан кеткен болатын

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Instagram парақшасында биылғы спорттық маусымдағы алғашқы қадамдары туралы бөлісті.

Ол Лондонда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Спортшының айтуынша, бұл оның Ұлыбритания астанасындағы алғашқы жаттығуы болған.

Еске салайық, Елдос Сметов 2025 жылдың басында Қазақстаннан кеткен еді.

Тэгтер:

Лондон Елдос Сметов