27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Ертең ауа райы қандай болады?
Дүйсенбі күні Скандинавия аймақтарынан келген антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырады, бұл негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады.
«Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Елдің орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында желдің күшеюі болжанады», – деп хабарлады «Қазгидромет».
Астана: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -16-18°С, күндіз -11-13°С.
Алматы: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз +1+3°С.
Шымкент: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +6+8°С.