Бүгін, 26 қаңтарда таңертең Қарағанды қаласындағы Назарбаев даңғылында орналасқан бес қабатты үйдің бір пәтерінде өрт шықты. Пәтер иесі ауруханаға жеткізілді.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт екінші қабатта болған. 7 шаршы метр аумақта заттар мен жиһаз өртенген.
«Баспалдақ маршымен арнайы құтқару қалпақтары арқылы екі адам құтқарылды, тағы төрт адам эвакуацияланды», – деп хабарлады ведомство.
1950 жылы туған пәтер иесі күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Тағы екі тұрғынға ТЖМ-нің Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің шұғыл көмегі қажет болды.