«Алматы Аренадағы» өрттен зардап шеккен үш бала ауруханаға түсті

25 қаңтар, 2025 / Алуа Арман
ТЖМ
Өрттің шығу себебін зерттеу-сынау өрт зертханасы анықтап жатыр

Алматы қаласындағы "Алматы Арена" Мұз сарайында бүгін болған өртке қатысты тың дерек шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бұған дейін Мұз сарайында болған өрт салдарынан 4 бала құтқарылған болатын.

“Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің психологы бір балаға жедел психологиялық көмек көрсетті. Үш бала ауруханаға жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебін зерттеу-сынау өрт зертханасы анықтап жатыр.

Тэгтер:

Аурухана өрт