Қоғам

Жетісу облысында құтқарушылар 12 адамның өмірін аман алып қалды

Видеодан алынған кадр

ТЖМ азаматтардан қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендерден кетпеуді сұрайды

Жетісу облысы Алакөл ауданында "Үшарал – Достық" Теректі учаскесінің тас жолында 12 адам құтқарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Белгілі болғандай, 6 жүк көлігі мен 2 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Ауа райына қарамастан, құтқарылғандардың барлығы Достық станциясына "КУНГ" жоғары өтімді техникасымен жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады, – деп жазылған ТЖМ мәліметінде.

ТЖМ азаматтардан қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендерден кетпеуді сұрайды.