Жаңалықтар

Алматы әуежайында автотұрақ бағасы қымбаттамайтын болды

istockphoto.com

Монополияға қарсы органның уақтылы іс-қимылының арқасында Алматы халықаралық әуежайы тұрақ бағасын көтеру жоспарынан бас тартты.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы департаменті Алматы халықаралық әуежайына ескерту жасады.

Департемент бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жасаған. Ескертуге Алматы халықаралық әуежайының 2025 жылы 1 қаңтардан бастап автотұрақ қызметіне бағаның өсетінін хабарлауы себеп болған.

«ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 198-бабына сәйкес монополияға қарсы орган нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың немесе жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауға жол бермеу туралы жазбаша ескерту жіберуге құқылы. Монополияға қарсы органның уақтылы іс-қимылының арқасында Алматы халықаралық әуежайы тұрақ бағасын көтеру жоспарынан бас тартты. Бұл жолаушыларға қосымша қаржылық жүктемені болдырмады», - дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы департаменті.