Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

24 қаңтар, 2025 / Админ
Aqorda
Мемлекет басшысы инфляцияны тежеп, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды екеніне назар аударды.

Тимур Сүлейменов:

      – 2024 жылы Ұлттық қор активтерін басқарудан түскен табыс 7,5 пайызға артып, 4,5 миллиард долларды құраған;

      – Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 45,8 миллиард долларға жетіп, 27,4 пайызға ұлғайған;

      – БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқарудан түскен инвестициялық табыс 3,4 триллион теңгені құраған. Ал кіріс көрсеткіші инфляциядан екі есе асып түсіп, 17,8 пайызға жеткен;

Мемлекет басшысы инфляцияны тежеп, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды екеніне назар аударды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен Үкімет макроэкономикалық саясатты үйлесімді жүргізуі қажет екенін атап өтіп, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев