ІІМ: Терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік бар
«Жалған терроризм» фактілер үшін 48 күдікті ұсталды, олардың 15-і кәмелетке толмағандар.
«Жалған терроризм» фактілер үшін 48 күдікті ұсталды, олардың 15-і кәмелетке толмағандар. Қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілікке 13 адам, оның ішінде бір жасөспірім тартылды.
– Егер жалған хабарламаларды жіберуші қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген жағдайда, оның ата-анасы балаларды тәрбиелеу шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Өткен жылы мұндай шаралар 6 ересек адамға қолданылды.
Сонымен қатар сот шешімімен жалған шақырту салдарынан объектінің иесіне немесе мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы қылмыскерге талап-арыз қойылады. Залал мөлшері екі миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Терроризм актісіне дайындық туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ 5 жылға дейін бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев.