2025 жылы Алматыда шағын және орта бизнесті қолдауға 71 миллиард теңге бөлінеді. Бұл жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін 2,5 есе ұлғайту арқылы жүзеге асты.
Бұл қаржы 4 мың жобаны іске асыруға мүмкіндік береді, оның ішінде 2 мың жоба жаңадан қолға алынады.
Айта кетейік, Алматыда шағын және орта бизнестің экономикалық үлесін 2024 жылғы 60%-дан 2030 жылға қарай 75%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Бүгінде шағын және орта бизнес саласында 942 мыңнан астам алматылық жұмыс істейді. Бұл қалада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 85%-ы.