Жаңалықтар

Көктемде елордада егеуқұйрық қаптауы мүмкін

сурет ашық дереккөзден алынды

Оған былтырғы су тасқыны, қыстың жылы болуы және ылғалдылықтың жоғары болуы әсер етуі мүмкін.

Қалалық санитариялық-эпедемиологиялық бақылау департаментінің дерегінше, биыл кеміргіштер әдеттегіден көбірек балалайды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұған қолайсыз табиғат құбылысы себеп болған. Ал жергілікті тұрғындар қазірдің өзінде кеміргіштердің көп екенін айтып, алаңдап отыр. Егеуқұйрықтардың көбеюінен iKomek пен E-otinish платформасына шағымданатындар қатары артқан. №

Былтыр 400-ден астам адам хабарласса, биыл, яғни жиырма шақты күнде 30-ға жуық арыз тіркелген.

Мамандардың болжамынша, елордада күн жылынған соң егеуқұйрықтар саны көбеюі ықтимал. Оған былтырғы су тасқыны, қыстың жылы болуы және ылғалдылықтың жоғары болуы әсер етуі мүмкін.