Шымкентте әйел адам 6 жасар сіңлісін тұншықтырып өлтірген
Сот туысын өлтірген әйелге 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Шымкентте сіңлісін өлтірген келіншекке сот үкімі шықты, деп хабарлады turkystan.kz otyrarkz-ке сілтеме жасап.
30 жастағы әйел әпкесінің 6 жасар қызын ұйқыдан жылап оянғаны үшін жазаламақ болған.
Балақайдың аяқ-қолын матап байлаған қаскөй оны жерге құлатып ұрып-соққан. Салдарынан сіңлісі есінен танып қалған.
Бірақ, ол қыз балаға көрсеткен қорлығын мұнымен тоқтатпаған. Ваннаға су толтырып, тұншықтырып өлтірген. Сот туысын өлтірген әйелге 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Келіншек өз кінәсін мойындамағанымен заттай дәлелдеме мен сараптама нәтижесі оның қылмысын айғақтаған.
Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.