Жаңалықтар

Алматы облысында көлік құбырға соғылып, 3 000 үй газсыз қалды

скриншот

Аудан әкімдігі диаметрі 219 мм болатын орташа қысымды газ құбыры зақымданғанын мәлімдеді.

Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жамбыл 2 ауылында жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан газ құбыры зақымданды.

Аудан әкімдігі диаметрі 219 мм болатын орташа қысымды газ құбыры зақымданғанын мәлімдеді. Осыған байланысты екі елдімекенде 3 мың абонентке газ беру тоқтатылды.

Оқиға орнында «АлматыГазсервисХолдинг» ЖШС мамандары және жергілікті атқарушы орган мамандары жұмыс істеп жатыр», – деп түсінік берді әкімдік өкілдері.