ІІМ: Түрмелерге есірткі жеткізумен айналысқан 118 күдікті ұсталды (ВИДЕО)
Жедел-тергеу әрекеттері бір уақытта елдің 10 аймағында жүзеге асырылды.
Жедел-тергеу әрекеттері бір уақытта елдің 10 аймағында жүзеге асырылды.
Жалпы іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ахуалды тұрақсыздандырып, ұстау режимін бұзуға әрекет жасаған адамдарды анықтауға бағытталды.
- Жедел әзірлеу барысында жолға қойылған схема бойынша әрекет ететін топтардың желісі құжатталды. Олардың қатарына бірнеше рет сотталған адамдар кірген. Барлығы 118 күдікті, оның ішінде қылмыстық ортаның 13 өкілі ұсталды. 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Үш Калашников автоматы, екі травматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, 11 кг-нан астам есірткі, мобильді құрылғылар және заңсыз құжаттама тәркіленді. Ұсталған адамдардың арасында алыс және жақын шетелдердің криминалитет өкілдері болғанын атап өткен жөн. Жедел іс-шаралар жалғасуда», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.