Қостанай ауданының тұрғыны бір аптадан бері іздестіріліп жатыр
Бұған дейін полицейлер мен еріктілер Сергей Сергеевич Безродный есімді Қостанай ауданының тұрғынын ауқымды іздестіру жұмыстарын жүргізген.
Қостанай ауданында бір аптадан аса ер адам табылмай жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Іздеушілер Заречный ауылдық округіндегі Абай көшесінен бастап «Каменное» көліне қарай шолып өткен.
«Ені 2 шақырым, ұзындығы шамамен 4 км аумақ тексерілді. Іздеуге Қостанай ауданы полиция бөлімінің 40 қызметкері, 15 ерікті және бір ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылды. Олар Заречный ауылындағы көпқабатты үйлердің шатырлары мен жертөлелерді, дүкендер мен құрылысы аяқталмаған қараусыз ғимараттарды қарап шықты», – деп хабарлайды облыстық ПД.
Қазіргі уақытта Сергей Безродныйдың орналасқан жері анықталмаған. Полиция департаменті жоғалған адамның орналасқан жері туралы хабардар азаматтарға 102 телефоны арқылы хабарлауды сұрайды.