Жаңалықтар

Ақшұқыр ауылында 9-сынып оқушысын ит талап тастады (ВИДЕО)

istockphoto.com

Зардап шеккен жасөспірім балалар аруханасының травматология бөліміне жатқызылған.

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылындағы көшеде 15 жасар жасөспірімді қаңғыбас ит талап тастаған.

Абырой болғанда жақын маңда жүрген тұрғындар көмекке келіп, баланы әрең арашалап алған. Содан соң, жедел жәрдем қызметін шақырған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен жасөспірім балалар аруханасының травматология бөліміне жатқызылған. Жағдайы тұрақты. Ем тағайындалған.

Ал облыстық білім басқармасының мәліметінше, зардап шеккен оқушы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияда 9-сыныпта оқиды.