Қазақстан-Қытай шекарасында көлік өткізу пункттері 5 күнге жабылады

21 қаңтар, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Алайда шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«ҚХР-да Көктем мерекесін өткізуге байланысты 27 қаңтарда сағат 20:00-ден 1 ақпанда сағат 08:00-ге дейін қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адам, көлік пен жүкті өткізу жүзеге асырылмайды», – делінген хабарламада.

Алайда шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.

Тэгтер:

Қазақстан Қытай көлік шекара пункт