Алматы қаласында оқушы өз-өзіне қол салды

20 қаңтар, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Алматы қаласы Медеу ауданында 2009 жылы туған оқушы өз үйінің жанында асылып қалған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

«Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тэгтер:

оқушы суицид Алматы