Ақтөбе облысындағы перзентханада жаңа туған сәбиді сатып жіберген

20 қаңтар, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Полиция жаңа туған нәрестені сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақтөбе облысындағы перзентханада нәрестені сату фактісі тіркелді. Полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, Ақтөбе облысының полицейлері перзентханада жаңа туған нәрестені сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Барлық мән-жай мен қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажетті тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасуда», – деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Ақтөбе облысы Бала саудасы перзентхана жаңа туған сәби