Қытайда лотерея билетін сыйлық ретінде таратқан компания джек-пот ұтқан қызметкерден ақшаны бөлісуді талап еткен
Қытайда бір компания жыл соңында қызметкерлеріне сыйлық ретінде лотерея билеттерін таратуды шешіп, дүңгіршектен 500 билет сатып алған.
Алайда күтпеген жағдай болды: билеттердің бірінде джекпот ұтысы бар болып шықты. Бір қызметкер 6 миллион юань ұтты.
Бұл жағдай компания бухгалтериясын қатты таңғалдырды, себебі олар алдын ала билеттерде қомақты ұтыс жоқ екеніне көз жеткізген еді.
Компания басшылығы джекпотты бүкіл ұжыммен бөлісуді талап етті. Алайда жеңімпаз қызметкер мұндай ұсыныстан бас тартты. Жағдай полицияға дейін жетті, бірақ құқық қорғау органдары ұтыс иесінің ақшаны ешкіммен бөлісуге міндетті емес екенін растады.
Осылайша, миллионер қызметкер өз ақшасын толық сақтап қалды.