Қазақстандық шпагашылар Бахрейнде әлем кубогын жеңіп алды

20 қаңтар, 2025 / Інжу Әлихан
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Еліміздің жасөспірімдер құрамасы – Әлем кубогінің жеңімпаздары атанды, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

Белгілі болғандай, Манама қаласында (Бахрейн) қазақстандық шпагашылар Ғабиден Мұстафин, Нұржан Әбжанов, Кирилл Проходов және Алексей Касаткин – жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды. Соңғы екі жыл қатарынан күміс жүлде алған команда 2025 жылы тұңғыш рет чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Матч нәтижелері:

Жартылай финал:Қытай құрамасын 45:25 есебімен ойсырата жеңді;

Финал:Франциямен болған тартысты кездесуде 44:43 есебімен жеңіске жетті.