Спорт

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде алтын жеңіп алды

ҰОК

Шешуші матчта Қазақстан құрамасы Францияға қарсы өнер көрсетті

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өткен семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.

Командалық жарыстарда Қазақстан атынан Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабидин Мұстафин және Кирилл Проходов өнер көрсетті.

Ширек финалда қазақстандық семсерлесушілер Сауд Арабиясы командасын 45:36 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда Қытайды 45:25 есебімен ойсырата ұтты.

Шешуші матчта Қазақстан құрамасы Францияға қарсы өнер көрсетті. Кездесу барысында біздің команда ұтылып жатқанымен, камбэк жасап, 44:43 есебімен жеңіске жетті.