Тағы бір қазақстандық спортшы Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
Бұл – мәнерлеп сырғанаудан қысқы Универсиада тарихындағы екінші медаль
Италияда өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада кезекті жүлде қоржынымызға түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер бәсекесінде сынға түскен Софья Самоделкина қола жүлде иеленді.
Әйелдер арасындағы жарыстың нәтижелері: – Рион Симиоши – 204.29 ұпай; – Моне Чиба – 203.85 ұпай; – Софья Самоделкина – 190.96 ұпай.
Бұл – мәнерлеп сырғанаудан қысқы Универсиада тарихындағы екінші медаль. Бұған дейін 2019 жылы Елизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені алған болатын.