Қоғам

Алматы облысында жас қыз өзіне қол салды

gov.kz

Зардап шегушінің жалпы бөлімге ауыстырылғаны нақтыланды

Жамбыл аудандық полиция бөлімінің "102" пультіне Қарғалы ауылында жас қыздың суицид жасамақ болғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түскен.

Nege.kz мәліметінше, ІІМ 16 қаңтарда жапа шегушінің құрбысы осылай деп дабыл қаққанын хабарлады.

"Аталған мекенжай бойынша шақыртуға патрульдік полиция жасағы кезекшілігіндегі Ернар Құттыбаев пен Нұрбол Картанбаев аттанды. Оқиға орнына келген полицейлер үйдің есігі құлыптаулы екенін анықтады. Көп ойланбай, олар терезені сындырып, ішке кіруге шешім қабылдады. Бөлмелердің бірінде тәртіп сақшылар тамырларын кескен жас қызды тапты. Полицейлер жәбірленушіні дереу түрде ауыр жағдайда ауылдық ауруханаға жеткізді", – деп жазылған ведомство дерегінде.

Кейін дәрігерлер жағдайды тұрақтандыра алғаны, қазір зардап шегушінің жалпы бөлімге ауыстырылғаны нақтыланды.