Баланы тепкен балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды

19 қаңтар, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр

Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің баланы тепкен сәті түсірілген видео тараған болатын. Кейін белгілі болғандай, оқиға «Зейнеп-Амина» жеке меншік балабақшасында болған.

Балабақша басшылығының айтуынша, құқықбұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан шығарылған.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.

Тэгтер:

Балабақша