Алматыдан 364 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді
Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 364 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, “ННЦСНИ” ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 19 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 11:30-да жер сілкінісін тіркеген.
«Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым қашықтықта орналасқан», – делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді.
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулері магнитудасы 4,4 болған.