Қазгидромет синоптиктері 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Дерек бойынша, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР аумағына қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын алып келеді.
Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда – қар жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі.