Қытай компаниялары Германиядағы Volkswagen зауыттарын сатып алуға ниетті

17 қаңтар, 2025 / Ербұлан Қайрат
cурет: istockphoto.com

Қытайдың BYD және Chery компаниялары Германиядағы Volkswagen зауыттарын сатып алуға ниетті.

Reuters агенттігінің мәліметінше, қытайлық BYD және Chery автоконцерндері Германиядағы Volkswagen зауыттарын сатып алуға қызығушылық танытуда. Бұл зауыттар шығындарға байланысты жабылады деп жоспарланған болатын.  

Қытайлық компаниялар үшін бұл тиімді шешім: дайын өндірістік қуаттар Еуропада орналасқан, ал бұл өз кезегінде жоғары кеден баждарын айналып өтуге мүмкіндік береді. 

Тэгтер:

Қытай көлік зауыт қытай көлігі