Жаңалықтар

Абай және Шығыс Қазақстан облысында жол жабылды

istockphoto.com

Автожол ауа-райының бұзылуына байланысты жабылған.

2025 жылғы 17 қаңтар сағат 17:00-де:  

"Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырымы (Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін);

"Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1013-1048 шақырымы (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылының бұрылысы) жабылды.

Барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылған.

Жолды 2025 жылғы 18 қаңтар сағат 05:00-де ашу жоспарланған.