Антикор басшысы Президентке есеп берді

17 қаңтар, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda
Агенттік төрағасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елімізде қабылдаған шаралары туралы есеп берді.

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады.

Агенттік төрағасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елімізде қабылдаған шаралары туралы есеп берді.

Ол Антикор қызметінің биылғы жоспары, соның ішінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі негізгі міндеттерін таныстырды:

Сондай-ақ ол Президент тапсырмаларының орындалуы жайында баяндады:

Одан бөлек денсаулық сақтау секторындағы талдау қорытындысы бойынша дәрі-дәрмектің үстеме бағасы арзандағаны жөнінде ақпарат берілді. Бұл азаматтардың қажеттілігін өтеп, әлеуметтік мәселелерін шешуге оң әсер етеді:

Асхат Жұмағали экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының ұсынымдарын іске асыру бойынша жұмыс жалғасып жатқанын жеткізді. Оның аясында озық халықаралық тәжірибені енгізуді көздейтін 2 заң жобасы Мәжілістің қарауына ұсынылған.

Мемлекет басшысы еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Тэгтер:

Ақорда Антикор басшысы Асхат Жұмағали