Павлодарда әйелді трамвай қағып кеткен

Оның бел-сегізкөз омыртқасы жарақаттанды.
Павлодарда 16 қаңтарда сағат 09:51-де трамвай 37 жастағы әйелді сырып өткен. Оның бел-сегізкөз омыртқасы жарақаттанды. Бұл туралы Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Жедел жәрдем бригадасы әйелді қалалық №1 ауруханаға жеткізді. Зардап шеккен әйелдің айтуынша, ол жұмыстан шығып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда трамвай сигналдарын естімеген.