Жаңалықтар

Маңғыстауда су тарифінің бағасы негізсіз өсірілгені анықталды

istockphoto.com

Судың бағасы бір текше метр үшін 70 теңгеден негізсіз 120 теңгеге ұлғайтылған.

Облыс прокуратурасы су тарифін белгілеу кезінде заңнама талаптарының сақталмағанын анықтады.

Атап айтқанда, ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін жергілікті бюджеттен субсидияланатын судың бағасы бір текше метр үшін 70 теңгеден негізсіз 120 теңгеге ұлғайтылған.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы наразылық түрінде прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Қарау нәтижесінде мәслихат шешімінің күші жойылып, бір текше метрге сомманы 120-дан 70 теңгеге дейін түсіру туралы жаңа шешім қабылдады, осылайша ауылдық елді мекендердің 73 мың абоненттің құқықтары қорғалды.