Жаңалықтар

Түркістанда 13 адамды алдап кеткен күдікті Беларусьте ұсталды

Бас прокуратура

Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Беларусьтен экстрадицияланған күдікті Түркістанда 2022-2023 жылдары кәсіп ашу үшін тегін грант алуға көмектесеміз деп, 13 адамның 10 миллион теңгесін алдап алған.

Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылы Беларусьте ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір ол тергеу изоляторында, оған үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.