Павлодарда ерлі-зайыпты интернет алаяқтарға көмектескен
Жалдамалы пәтерде 5 SIM box құрылғысы табылды. Оның әрқайсысында 8 SIM картадан орнатылған. Құрылғы көмегімен интернет алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абонент нөмірлері тіркелген.
Бұдан басқа 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 SIM картасы тәркіленді.
Ерлі-зайыпты апта сайын құрылғылардағы SIM карталарды ауыстырып отырған.
«Ұсталғандар полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.