Жаңалықтар

Ақтөбеде адамдардың кепілге алынуы: қаза тапқан ерлі-зайыпты жерленді

фото: әлеуметтік желіден

Дәрігерлер кепілден босатылған 40 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр деп отыр

Ақтөбеде кепілге алынып, бірнеше сағат бойы пышақ жарақатымен жертөледе қамалған ерлі-зайыпты бүгін жерленді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бүгін Ақтөбеде кісі қолынан қаза тапқан қос зейнеткердің жаназасы өтті.

Телеарна хабарлауынша, қаралы жиынға жиналған марқұмдардың жақындары мен таныстары қанды оқиғаға және қаза тапқандарға қатысты пікір білдірмеген.