Жаңалықтар

Алматыда қойма қызметкерлері 200 млн теңгенің тауарын ұрлаған

istockphoto.com

Ұрланған тауарды жергілікті базарларға сатып отырған.

«Алматы-1» станциясындағы желілік полиция басқармасы Уақытша сақтау қоймасы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Бір топ қызметкер 2023 жылдан бастап қоймадағы Қытайдан келген тауарды ұрлаумен айналысқан.

Ұрланған тауарды жергілікті базарларға сатып отырған. 

Сол арқылы отандық және шетелдік компанияларға 200 млн теңгеден астам шығын келтірілді.

Жетісу көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады.