Жаңалықтар

29 жастағы қазақстандық Apple компаниясының басшылық қызметіне тағайындалды

facebook/adilkhan.kopabayev

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

29 жастағы Әділхан Қопабаев Apple корпорациясында басшылық қызметке тағайындалды. Ол Дубайдағы кеңсесінен Орталық Азия мен Армения аймағына жетекшілік ететін болады, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

«Біздің отандасымыз, digital nomad Әділхан Қопабаев Apple компаниясында жетекші қызметке тағайындалғанын хабарлауға қуаныштымын. Енді Әділхан Орталық Азия және Армения аймағын қадағалайтын болады. Бұл жаңа кезең оған көптеген жетістіктер мен кәсіби өсу әкелсін», - деп жазды министр.

Айта кетейік, Apple-ге тағайындалғанға дейін Әділхан халықаралық консалтингтік және IT-компанияларда жұмыс істеген.

2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы «Мұнай-газ» ақпараттық-талдау орталығы АҚ-ын басқарды және Қазақстан Республикасы Отын-энергетика кешенінің Ситуациялық талдау орталығының басшысы болды.

Әділхан 2017 жылы Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технология институтын (UNIST) қалалық инженерия және технологиялар менеджменті мамандығы бойынша бітірген. Ол беделді UNIST Global Uni-Star стипендиясына ие болды.