Қоғам

Иракта 9 жасар қыз 35 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты

фото: видеодан скриншот

Бұл заң 1959 жылы қабылданған және Таяу Шығыстағы ең даулы заңдардың бірі болып саналады

Иракта 9 жастағы қыз 35 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Әлеуметтік желілерде Иракта өткен үйлену тойы туралы ақпарат тарады. Қалыңдық 9 жаста, ал күйеу жігіт 35 жаста екені айтылады.

Желі қолданушыларынык мәліметінше, 35 жастағы ер адам 9 жастағы қызға Ирак парламенті некелік келісім жасасу жасын 9-ға дейін төмендеткеннен кейін үйленген. Бұл заң 1959 жылы қабылданған және Таяу Шығыстағы ең даулы заңдардың бірі болып саналады. Заң шииттік мұсылман отбасыларының отбасылық қатынастарын реттейді және балалармен некелесуге рұқсат береді.