19 киік жануарын тасымалдаған төрт қызылордалық ұсталды

15 қаңтар, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: www.istockphoto.com
Қызылорда облысында 19 дана киік жануарының өлі денелері анықталды.

Заңсыз киік аулағандар ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қызылорда облысы Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері көлікті тексеру барысында тіркелмеген қару, прожектор, 2 дана PUXING үлгідегі рациялары, арқан жіп табты. Автокөлік тіркемесіне қарап-тексеру барысында, 19 дана киік жануарының өлі денелері анықталды.

«Осы факт бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», — деді Арал ауданының Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әлтай Нұрсұлтан.

Тэгтер:

Киік Қызылорда