Дүниежүзілік қысқы универсиада: Қазақстандық студенттер фристайл-могулдан үздік көрсеткіш көрсетті
Қазақстан қоржыны 1 алтын, 2 күміс медальмен толықты.
Бүгін Туринде өтіп жатқан ХХХІІ универсиадада фристайл-могулдан қазақстандық спортшылар алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қыздар арасындағы жұптық фристайл-могулдың финалына екі қазақстандық студент-спортшымыз шығып, 1 орынды Қазақ спорт және туризм академиясының 3-курс студенті Анастасия Городко иеленді. Ал, күміс медаль әл-Фараби атындағы докторант 1-курс студенті Аяулым Әмреноваға тиесілі болды.
Сонымен қатар ерлер арасында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 3-курс студенті Антон Бондарев универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Студенттерімізді жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және халықаралық аренада алдағы уақытта да үлкен табыстар тілейміз!